"Думан" Ойын-Сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал.
Мұхитаралдың су қоры - 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.
Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.
Киноаттракционда Әлемдік соғыс уақытындағы Мак Клауд капитанының басқармасында су астындағы жүзуін жасай аласыз, жер астында қамалған көркем хан қызын құтқару үшін қақпандарды жеңіп алаласыз, трольдің еріп жүруімен динозавр заманының уақытына саяхаттауға да және армандауға болады.
Үшөлшемді бейнедегі цифрлы стереоскоптық кинотеатр орындықтары фильмнің баурап алушы көріністерімен қоса қозғалысқа компьютермен келтіріледі. Арнайы жабдықталған залда қажетті гидравликалық қосалқы бөлшектер және жалпы жүйеге ендірілген қауіпсіздік белбеулері мен сенсорлары бар 42 жылжымалы орындықтар орналасқан. Ыңғайлы жылжымалы орындықтар - техникалық жетістіктің жалғыз көрінісі емес.
Дауыс, жарықтандыру мен бағдарламалау салаларындағы соңғы жетістіктер өткенге көз жүгіртуге, болашаққа көз салуға, мұхит тұңғиықтарына жетуге, ғарышқа көтерілуге, тіпті адам денесінің ішкі дүниесіне түсуге таңғажайып мүмкіндіктер береді.
Орталыққа ең кішкентай келушілері пальма шағын орманында "Ескі пойызда" серуен жасап, теңіз толқындарында "Динозаврлардың" үстінде жүзе алады. Балалар қаласы, таң қалдырарлық дүние. Бұл байқау алаңдарынан, торлы өтулерден, құбырлар-тесіктерден жасалған көпқабатты кеңістік конструкциясын көресіз. Осында сансыз өту және алаңдарында ойнап, өрмелеп шығуға болады, әр түрлі түсті шарлардан жасалған "құрғақ" бассейінге малына аласыз, батуттың үстінде секіре аласыз, жолдастарымен жылдамдық және шапшандыққа жарыса алады.
Балаларды ғана емес ересек азаматтардың өзін баурап алған "Думан" Ойын-Сауық кешенінде Күмбез Аясын, Қазақ халқының Түркістан қаласында, XIY ғасырда ірге көтерген қасиетті ескерткішінің киесін әйгілеп тұрған қазақ сәулет өнері алып ғимаратының кішірейтілген Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің нұсқасын, Қарғалы мекенінен /б.д.Ү ғ./ табылған Алтын диадема - үлгісінің қайталануын, Қазақстан Тәуелсіздігінің Монументі мүсіннің көшірмесін,"Бәйтерек" Аттракционы - "Байқоңыр" ғарыш айлағының көру алаңынан қарағандағы зымыранның дәл көшірмесін, Американың Нью-Иорк айлағына кіре берісте асқақтап тұрған әйгілі меймандостығының бірі Бостандық статуясының макетін, Тотемдер /Макеттерін көруге болады.
Мұхитаралдан шыға беріс жерде орналасқан "Кәдесый" дүкені, есте қаларлық теңіз және де тағы басқа кәдесыйлар мен сыйлықтардың кең талғауын ұсынады және Үлкен Күмбезді Кеңістіктен және тамақтандыру кәсіпорындары мен сауда жүйелерін қамтыған ойын-сауық кешеніне бүгінде келушілер өте көп.