1. Кредит алуды жоспарлап отырған банкті таңдау маңызды. Сіз жалақы алатын банкке назар аударыңыз, әдетте ол банкте жалақы жобасы бар корпоративті клиенттерге жеңілдіктер берілуі мүмкін, мысалы, банк пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін.
2. Нарықтағы ипотекалық бағдарламалардың яғни, банктердің жеке бағдарламаларын, мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын салыстырыңыз. Азаматтардың белгілі бір санаттары үшін жеңілдіктер мен қолайлы шарттар ұсынатын бағдарламалар бар. Мысалы, Отбасы банкінде"Әскери ипотека", "Бақытты отбасы" бағдарламалары бар.
3.Ипотеканы өтеудің өзіңізге қолайлы әдісін таңдаңыз. Олардың екеуі - аннуитет және сараланған. Банктер қарыз алушыға ипотеканы өтеу әдісін таңдау құқығын беруге міндетті.
- Кредитті өтеудің аннуитеттік тәсілі кредиттің барлық мерзіміндегі ай сайынғы тең төлемді қамтиды. Бұл әдіспен бастапқыда ай сайынғы өтем сомасының барлығы пайызды төлеуге және тек аз мөлшері ғана негізгі қарызды өтеуге кетеді.
- Сараланған әдіс, әдетте, ай сайынғы төлем көп болады, кредиттің ай сайынға төлемнің мөлшері біркелкі және негізгі қарыздың қалған сомасына пайыздар есептеледі, осыған байланысты ай сайынғы өтем сомасы да өзгеріп отырады.
Осы екі әдісті салыстырған кезде, аннуитеттік төлем сараланған әдіске қарағанда әдісінде артық төлеу көбірек болады. Көптеген адамдар үшін аннуитеттік төлем қарапайым және түсінікті, өйткені кредитті өтеудің ай сайынғы сомасы бірдей, ай сайын төлем кезінде соманы есте есте сақтап қалуға болады. Бірақ сараланған әдіс бүкіл кредит мерзімінде артық төлемнің аз болуы тұрғысынан тиімдірек болуы мүмкін. Клиенттердің өздері ай сайынғы төлемді төмендету үшін аннуитеттік төлемді таңдайды. Аннуитеттік кесте банктер үшін де тиімді.
4. Кредит шартына қол қоймас бұрын оны мұқият оқып шығыңыз. Қолды шарттарды оқып шыққаннан кейін ғана қою маңызды! Егер бірдеңе түсініксіз болса, банк менеджерінен сұраңыз, егер мүмкін болса, заңгерден кеңес алыңыз. Шартқа қол қоймас бұрын банк менеджері сізге банктегі банктерде берілетін қарыздардың шарттарымен танысу және салыстыру үшін Жадынама беруге міндетті. Сондай-ақ шартта қарыз туралы негізгі ақпарат бар Титулдық парақ болуы тиіс: қарыз сомасы мен мерзімі, сыйақы мөлшерлемесінің және ЖЭСҚ мөлшері, кредитті өтеу әдісі мен тәсілі, шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері, шартта қарыз алушының негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге құқығы болған кезде – ақпарат осы құқықты іске асыру үшін қарыз алушының Банкке тиісті өтініш жасау қажеттілігі туралы, Қарыз алушының банкке банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың мерзімі өтіп кетуінің себептері, кірістері және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтініш беру құқығы туралы ақпарат.
Ай сайынғы кірісіңізді есептеу керек екенін әрқашан есте сақтаңыз. Кредиттік міндеттемелер сіздің табысыңыздың 50 % - нан аспауы керек! Тек осы жағдайда сіз кредитті уақтылы өтеуге сенімді бола аласыз.
Маңызды: Ипотека бойынша барлық төлемдерді уақытылы төлеңіз. Тұрғылықты жеріңізді ауыстырсаңыз, жұмыс орныңызды ауыстырсаңыз, некеге тұрсаңыз, балалы болсаңыз немесе ипотекаға сатып алынған тұрғын үйді қайта жоспарласаңыз, әрбір қадамыңыз туралы банкке хабарлау қажет екеніне дайын болыңыз. Банк үшін ипотекалық кредитті қайтара алатыныңызға және ипотекалық кредитті пайдаланған үшін пайыздарды төлей алатындығыңызға кепілдік қажет, сондықтан бүкіл процедурадан өтуге және көптеген сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыз. Табысыңыз қанша, қандай пәтер сатып алғыңыз келеді және қанша сомаға және бастапқы жарна ретінде қанша ақша төлей аласыз? Сонымен қатар, көптеген банктер ипотеканы рәсімдеу үшін кепілгерлердің болуын талап етеді. Егер сіз кредитті қайтара алмасаңыз, банк оны сіздің кепілгерлеріңізден өндіріп алады.
Сондай-ақ, құжаттармен (ипотека шарты және басқа құжаттар) алдын-ала таныспай тұрып, құжаттарға қол қоюға асықпаңыз. Шарттардың көшірмелерін сұраңыз, олармен мұқият оқып, танысып шығыңыз, егер сізде сұрақтар туындаса, құжаттарға қол қойылғанға дейін оларды алдын-ала шешуге тырысыңыз. Ипотека алуға арналған стандартты құжаттар жиынтығына әдетте келесі құжаттар кіреді:
1. Өтініш берушінің, Кепіл берушінің (Қоса қарыз алушының (қарыз алушылардың), кепілгердің) жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі.
2. Неке қию (бұзу) туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі не Кепіл берушінің азаматтық қабілеттілігі туралы нотариат куәландырған өтініш (Банктің белгіленген нысаны бойынша).
3. 3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орнынан ұйымның бас бухгалтерінің немесе оның орнындағы адамның қолы қойылған, мөрмен расталған, ҚР заңнамасында көзделген барлық ұстап қалуларды көрсете отырып, кемінде соңғы 6 ай кезеңіндегі жалақысы туралы анықтаманың түпнұсқасы.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорынан кемінде соңғы 6 ай кезеңіндегі жеке зейнетақы шотынан уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, жинақтаушы зейнетақы қорының мөрімен расталған үзінді көшірменің түпнұсқасы.
5. Өтініш берушіде, Қоса қарыз алушыда, Кепілгерде басқа банктер мен ұйымдардың қарыздары бойынша міндеттемелер болған жағдайда, өтеу кестесі бар банктік қарыз шартының түпнұсқасы және көшірмесі.
Банктердің тізімімен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында танысуға болады.