Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден Ережеде санамаланған растайтын құжаттарды көрсеткен кезде босатылады.
Қызмет көрсету мерзімі
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа – 2 жұмыс күні.
Әке болуды анықтау немесе ұл (қыз) асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізу - 1 жұмыс күні.
Азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 жұмыс күні.
АХАЖ АЖ-де акт жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды).
Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.
Қызметтің толық атауы
Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Көрсетілетін қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Некені (ерлі-зайыптылықты) қиюға немесе бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу
Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш.
Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты айырбасталуға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету.
Азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу
Көрсетілетін қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш.
Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері.
Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (ҚР аумағында тіркелген азаматтық хал актілері туралы мәліметтер, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер).
Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Осы Қағидаларға 8, 9, 10, 12, 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, өзін баланың әкесі деп танитын адамның өтініші бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, сот шешімі бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, бала асырап алу туралы, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш (бала асырап алу туралы).
Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.
Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер).
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері.
Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Бала туғанға дейін әке болуды анықтау туралы өтініш берілген жағдайда-медициналық ұйым немесе жеке практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама.
Егер әке болуды анықтау тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді.
Қызмет көрсету нәтижесі
1. Өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген туу туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
3. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.