Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде pbf.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- pbf.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "ҚР ҰБ БФ РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру" порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу үшін (қажетті құжаттар):
- Ақпараттық жүйе арқылы 3 және 4-қосымшаларға сәйкес алкоголь өніміне ЕБМ жасауға арналған өтінімдер – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей.
- Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі.
- 5, 6 немесе 7, 8-қосымшаларға сәйкес ЕБМ алуға арналған өтініш – ақпараттық жүйе арқылы алкоголь өніміне ЕБМ алу мақсатында.
Өндіріс және (немесе) импорттау кезінде қосымша:
- Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемені.
- Міндеттеменің орындалуын растайтын құжатты (төлем құжаты, банк кепілдігі, кепілгерлік шарты, мүлікті кепілге қою шарты).
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ беру болып табылады.