Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалатын шығындарды өтеу
Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.
"QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ-да қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:
- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
- Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- Төлеуге жұмсалған шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың, сондай-ақ осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер.
- Орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жұмыстарды орындау кезінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) төленгенін растайтын құжаттар ретінде орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттарының көшірмелері.
- Басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын өтелетін кезеңге қолданыстағы құжаттардың көшірмелері (СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы, индустриялық сертификат).
- 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ресімделеді.
- Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады.
Жабдықтың шеф-монтажы бойынша шығындар бойынша технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:
- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
- Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- Төлеуге жұмсалған шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың, сондай-ақ (бар болса) осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер.
- Орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері.
- Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жұмыстарды орындау кезінде тұрақсыздық айыбын (өсім-пұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) төленгенін растайтын құжаттар ретінде орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған құжаттардың көшірмелері.
- Басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын өтелетін кезеңге қолданыстағы құжаттардың көшірмелері (СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы, индустриялық сертификат).
- Жабдықты жеткізу шартының немесе дайындаушы – кәсіпорынды растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Жабдықты қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдап алу-беру актісі, қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат немесе т. б.).
- Жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқаулықты, жабдықты дайындау күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (бар болса, техникалық паспорт).
- Жабдықтың суреттері.
- Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады.
- 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ресімделеді.
Жабдықты монтаждау, іске қосу-жөндеу жұмыстары және оған техникалық қызмет көрсету, тәжірибелік үлгілерді дайындау жөніндегі шығындар бойынша технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:
- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.
- Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі.
- Төлеуге жұмсалған шығындары оларды өтеу үшін өтінімге енгізілген қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың, сондай-ақ (бар болса) осындай шартқа барлық қосымшалардың және/немесе толықтырулардың көшірмесі, келісімдер.
- Орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі.
- Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері.
- Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері және/немесе жұмыстарды орындау кезінде тұрақсыздық айыбын (өсім-пұлын) ұстап қалу кезінде талаптарды өзара есепке алу кезінде есеп айырысудың аккредитивтік нысаны кезінде ұсынылатын көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) төленгенін растайтын құжаттар ретінде орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған құжаттардың көшірмелері.
- Бекітетін басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндірісін растайтын өтелетін кезеңге қолданыстағы құжаттардың көшірмелері (СТ-KZ сертификаты, ЕАЭО сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясы, индустриялық сертификат).
- Жабдықты / тәжірибелік үлгіні қабылдау-беруді растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері (қабылдап алу-беру актісі, қорларды басқа жаққа беруге арналған жүкқұжат немесе т. б.).
- Жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты/нұсқаулықты, жабдықты дайындау күні туралы ақпаратты, өндіруші зауыт жабдығының сәйкестендіру нөмірін, жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерін, жабдық құрамының ерекшелігін қамтитын техникалық құжаттаманың көшірмесі (бар болса, техникалық паспорт).
- Жабдықтың / тәжірибелік үлгінің суреттері.
Егер орындаушы Қазақстан Республикасының резидент емес болған жағдайда, осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына қызмет көрсету фактісін және осындай заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжаттар ұсынылады.
4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ресімделеді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Шығындарды өтеу туралы келісім не мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша бас тарту.