Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу
Қызметті онлайн алу
- Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-та қызметті алу (қажетті құжаттар):
- 1-қосымшаға сәйкес өтінім.
- Өтелетін кезеңде жарамды тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстанда жасалғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері. "СТ-KZ" нысанды тауардың шығуы туралы сертификат, Сертификат /Еуразиялық экономикалық одағының сәйкестік туралы декларация, Индустриялық сертификат тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстанда шыққандығын растайтын құжаттар болып табылады.
- Шығындары оларды өтеу туралы өтінімге енгізілген шартқа қосымшалармен жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындау туралы шарттардың көшірмелері.
- Төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделген болса), шот-фактуралардың және орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актілерінің көшірмелері, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге төлем фактін растайтын банкпен куәландырылған төлем құжаттары.
Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті орындаушы болғанда, орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің және/немесе шот-фактуралары және/немесе инвойс көшірмелерінің орнына қызмет көрсету және осындай заңды тұлғаны тіркеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.
- Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі жұмсаған шығындар қорытындысы бойынша есеп (жұмсалған шығындардың қажеттілігін, жұмсалған шығындарға дейін және кейін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қызметіне алынған жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтерден болған экономикалық тиімділікті көрсету).
Шығын түріне байланысты төмендегі құжаттар қосымша ұсынылады:
1) Отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілетін стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған кезде жұмсалған шығындар бойынша:
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) ұйым стандарттарын немесе шарт (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері, сынақ хаттамалары, көлік құралы типін мақұлдау көшірмелері, шасси типін мақұлдау және басқа да құжатар) талаптарын қоса алғанда, стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестендіру рәсідерінен өткендігін растайтын құжаттардың көшірмелері.
- ұлттық стандарттау органында сараптама жүргізуді растайтын құжаттардың көшірмелері;
- сәйкестендіру құралдарын сатып алу бойынша, сондай-ақ, өнім шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;
- сәйкестендіру құралдарын сатып алуды растайтын шарттың және (немесе) келісімнің көшірмесі;
- сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық тасымалдауышты, сондай-ақ, инженерлік бағдарламалық қамтуды қолдануға арналған жабдықты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға: жеткізу және пайдалануға беру фактісін растайтын бағдарламалық қамту мен құжаттарды қоса алғанда, жабдық жеткізуге шарт және (немесе) келісім, соның ішінде, лицензиялық келісім көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушніңі тарапынан қол қойылған, екі данада Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қоса берумен шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы хабарлама.