Мемлекеттік реестрге авторлық құқық туралы ақпаратты енгізу
Қызметті онлайн түрінде қалай алуға болады
1. Порталға авторизациядан өтіп, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
2. Өтінімді newcab.kazpatent.kz сайтында толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Жүйедегі бастапқы авторизациядан өту кезінде көрсетілген электрондық поштада өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен таңысыңыз.
Шетел азаматы, паспортты (жеке басын куәландыратын құжат) ұсынумен қатар, оның мәтінін мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынуы тиіс.
Құрамдас немесе туынды шығармаларға құқықтарды тіркеген кезде автормен (авторлармен) немесе түпнұсқа құқық иесімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлікті беру, сондай-ақ мәліметтерді Тізілімге енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.