Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметтi немесе мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Аккредиттеуді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар (жеке тұлғалар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
- Мыналардың: жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәрежені (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім саласындағы заңнамаға сәйкес танылады).
- Соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми мақалалар: техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін 1 халықаралық патент немесе Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда, немесе Scopus (Скопус) деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection (Уэп оф Сайнс Кор Калэкшн) деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index(Артс энд Хюманитис Ситэйшн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайнс Ситэйшн Индекс Экспандэд), Social Sciences Citation Index бөлімінде) (Сошл Сайнс Ситиэйшн Индекс) 1 (бір) мақала, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналда 3 (үш) мақала.
Көретілентін қызметті алушылар (заңды тұлғалар) аккредиттеу алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
- Өтініш.
- Осы Қағидаға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес толтырылған мәліметтер.
- Ұйым жарғысының көшірмесі.
- Соңғы 5 жыл ішіндегі осы Қағиданың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар (жеке тұлғалар):
1. Өтініш.
2. Бұдан бұрын алған аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі.
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар (заңды тұлғалар):
1. Өтініш.
2. Қызметті алушылардың атауын өзгерту туралы шешім (Қаулы/бұйрық/хаттама).
3. Бұдан бұрын алған аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Аккредиттеу туралы куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.