Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау
Қызметті онлайн алу
- «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
- gosagro.kz порталына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы кіріңіз.
- Өтінішті толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбаңызбен қол қойыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
Заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын сенімхат бойынша, жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат бойынша өкіл жүгінген жағдайда:
- Өтеу графигімен қарыз шартының көшірмесін қоса бере отырып, нысан бойынша ұсыныстар.
- Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелері бар жаңартылған өтеу графигінің жобасы (субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен мөлшерлемелер жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жіберіледі).
- Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредит алғаны туралы несие шотынан үзінді көшірме (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыз аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Субсидия аудару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.