Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беруі
Қызметті порталда қалай алуға болады:
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және өтінішті жіберіңіз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импортына, Қазақстан Республикасының аумағынан экспортына және (немесе) кері экспортына рұқсат не дәлелді бас тарту.