Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін қызметке тағайындауға (сайлауға) келісім беру
Қызметті онлайн алу (www.elicense.kz «Электрондық лицензиялау» порталында)
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- «Электрондық лицензиялау» порталында авторлану немесе тіркелу қажет.
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылған «Электрондық лицензиялау» порталының парағында «Өтініш беру» сілтемесіне өту қажет.
- Өтінішті толтырып, өз ЭЦҚ қойыңыз.
- Берілген өтініштің орындалу деңгейін «Менің өтініштерім» тарауынан қаруға болады. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсат құжаттарым» тарауынан, хабарлама алу туралы – «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Уәкілетті органның көрсетілетін қызметті алушының атына басшы қызметкерді басшы қызметкердің нақты лауазымына (нақты лауазымдарына) тағайындауға (сайлауға) берілген келісімі туралы мәліметтерді қамтитын хаты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.