1) Жеке тұлға:
- Порталдан, ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы алынған және бірегей нөмірі бар ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде - ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну және сенімхатпен анықталған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат.
2) Бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер, шаруа қожалығы немесе фермер қожалығы:
- Порталдан, ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорацияның интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы алынған және бірегей нөмірі бар ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну және сенімхатпен анықталған тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат.
3) Заңды тұлға, оның филиалдары мен өкілдіктері:
- Заңды тұлғаға не Қазақстан Республикасының бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкеріне, шаруа қожалығы немесе фермер қожалығына арналған ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге немесе кері қайтарып алуға өтініште көрсетілген тұлғаның мүдделерін білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін бір жолғы алуға немесе кері қайтарып алуға көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат.
Ұйымның мөрі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігін көрсете отырып, нотариалды куәландырылады.
Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бірінші басшысына тіркеу куәліктерін алу үшін ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну және тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігін көрсете отырып, заңды тұлғаның уәкілетті органынан сенімхат ұсынылады (тексеру үшін).
4) Жеке тұлға – интернет-ресурстың домендік атауының иесі:
- Порталдан, ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорация ИАЖ арқылы алынған және бірегей нөмірі бар ҚР ҰКО тіркеу куәлігінің SSL беруге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат.
- Қағаз тасығыштағы интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығын растайтын құжаттардың бірі:
- Қазақстан желілік ақпарат орталығы берген домендік атауды иелену туралы сертификат;
- домендік атаулардың иелері туралы тіркеу деректерін алу сервисінен үзінді.
5) Заңды тұлға – интернет-ресурстың домендік атауының иесі:
- Порталдан, ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған және бірегей нөмірі бар ҚР ҰКО SSL тіркеу куәлігін беруге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге өтініште көрсетілген тұлғаның мүдделерін білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін бір жолғы алуға немесе кері қайтарып алуға көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат. Ұйымның мөрі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігін көрсете отырып, нотариалды куәландырылады.
- Қағаз тасығыштағы интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығын растайтын құжаттардың бірі:
- Қазақстан желілік ақпарат орталығы берген домендік атауды иелену туралы сертификат;
- домендік атаулардың иелері туралы тіркеу деректерін алу сервисінен үзінді.
6) "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінің қатысушысы":
- Порталдан, ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорацияның ИАЖ арқылы алынған және бірегей нөмірі бар ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен клиент арасындағы қағаз тасығыштағы ЭЦҚ пайдалану туралы келісім не қосымша келісім (егер келісімге қол қойылған күн мен келісімнің не ҚР ҰКО-ға қосымша келісімнің берілген күні келісімге (қосымша келісімге) қол қойылған күнді қоспағанда, 3 жұмыс күнінен асса, онда осы Келісім кері қайтарылады).
- Көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат.
7) Резидент емес жеке тұлға:
- Жеке тұлғаға ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес осы резидент еместің Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын және жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын құжаттардың бірі".
- Көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде – ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну өкілеттігін және сенімхатта айқындалған тапсырмаларды орындау үшін тиісті құжаттарға қол қоюды көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат.
Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдік, азаматтығы жоқ адам құжаттарды ұсынумен қатар олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі (құжаттарды орыс тілінде ұсыну жағдайларын қоспағанда) нотариат куәландырған аудармасын ұсынуға тиіс. Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның құжаттары мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын Мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
8) Резидент емес заңды тұлға:
- Заңды тұлғасына не Қазақстан Республикасының бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкеріне, шаруа қожалығы немесе фермер қожалығына ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес резидент емес құжаттарды табыс еткен кезде – жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын құжаттардың бірі.
- Көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат. Ұйымның мөрі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беруге құжаттарды ұсыну және сенімхатпен белгіленген тапсырманы орындау үшін тиісті құжаттарға қол қою өкілеттігін көрсете отырып, нотариалды куәландырылады.
Резидент емес заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бірінші басшысына тіркеу куәліктерін алу үшін резидент емес заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің мүдделерін білдіру өкілеттігін көрсете отырып, заңды тұлғаның уәкілетті органынан сенімхат беріледі (тексеру үшін).
Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдік, азаматтығы жоқ адам құжаттарды ұсынумен қатар олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі (құжаттарды орыс тілінде ұсыну жағдайларын қоспағанда) нотариат куәландырған аудармасын ұсынуға тиіс.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның құжаттары мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.