Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш;
- Фирманың каталогы, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасы және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
- Келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектіcі нөмірлерінің тізбесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.