Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге өтінімдерді қабылдау
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу үшін (қажетті құжаттар):
- Көркемөнерпаздар ұжымына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беруге көркемөнерпаздар ұжымы басшысынан құжаттарды қабылдауға өтінім.
- Көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы.
- Келесі ақпаратты көрсете отырып, көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық мінездеме:
- жетекшілер туралы мәлімет;
- репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;
- ұжымның концерттік бағдарламасы;
- қатысушылар құрамының тізімі.
- Марапаттарын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері.
- Көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).
Қызмет көрсету нәтижесі
"Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын көркемөнерпаздар ұжымына беру туралы өтінімді қабылдау туралы қолхат немесе "Халықтық" немесе "Үлгілі" көркемөнерпаздар ұжымы атағын алуға өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат.
Мемлекеттік қызметті қағаз жеткізгіште көрсету нәтижесі туралы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.