Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу
Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
- Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
- Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) дипломының (дипломдарының) көшірмелері.
- Төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Жарғылық капиталды қалыптастыруды растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Төлем ұйымы қызметті үлгі жарғы бойынша жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы.
- Төлем ұйымының көрсетілген төлем қызметтері бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыратын тиісті банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-әрекет жасау тәртібін айқындайтын құжат.
- Төлем ұйымының басқару органы бекіткен төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.
Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларының міндетті талаптарының тізбесі Ережеде белгіленеді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Төлем ұйымының төлем қызметтерін ұсынуға рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама не дәлелді бас тарту.