Коммерциялық емес ұйымдардың жарғысына өзгерістерді тіркеу
Қызметті онлайн алу:
- Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Заңды тұлғаның ЭЦҚ өтініш/хабарламаға қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өтініш/хабарламаны келісу (заңды тұлғаның барлық құрылтайшыларының келісуі).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) қызметтерді көрсету нәтижелерімен танысу.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- 1 және 2 нысан бойынша өтініш.
- Заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме.
- Заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасы не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні.
- Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар, нотариат куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиалдың (өкілдіктің) ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні.
- Акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары.
- Нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар болып, нотариалды куәландырылған жалға алу шарты және азаматтық заңнамамен көзделген басқа да құжат табылады.
- Егер де ғимараттың иесі өзі заңды тұлға болған жағдайда, орналасқан жерін растайтын құжаттар талап етілмейді.
- Егер де ғимараттың иесі жеке тұлға болған жағдайда, жеке тұлғаның ғимаратты заңды тұлғаға орналасу жері ретінде бергені туралы нотариалды куәландырылған келісімі қажет.
- Хабарламаға: заңды тұлға мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгірістер мен толықтырулардың мәтіні.
- Акционерлік қоғамды, оның филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлға үшін нақты орналасқан жерін растайтын құжат.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, екі данада ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу.