Автоматтандырылмаған қызмет
Баспаға шығару нұсқасы
Банкаралық кредиттеу
Қызметті «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да алу (қажетті құжаттар):
- Екінші деңгейдегі банктерден (ЕДБ) кредиттік өтінім.
- ЕДБ уәкілетті органының қаржыландыру құралын тарту туралы шешімі (өтінім беру сәтінде болған жағдайда).
- ЕДБ-ның жарғылық капиталындағы жай акциялардың (қатысу үлестерінің) соңғы меншік иелеріне дейін жай акциялардың (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін ЕДБ-ның жарғылық капиталындағы акциялардың/үлестің барлық меншік иелері туралы ақпаратты ашатын, ЕДБ-ның жай акцияларының он және одан көп пайызын иеленетін акцияларды ұстаушылардың құрылтай құжаттары немесе тізілімі. Осы тармақшаның күші талап етілетін ең төменгі рейтингі бар ұйым болып табылатын ЕДБ-ға банкаралық кредит беру кезінде қолданылмайды. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі Қазақстан Республикасы уәкілетті органының нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
- ЕДБ-ның банктік операцияларды және банк заңнамасында қарастырылған өзге де операцияларды жасауға лицензиясы.
- ЕДБ уәкілетті тұлғаларыныңың қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат.
- қаржыландыру құралын беру туралы шарттарға қол қоюға уәкілетті ЕДБ тұлғасының өкілеттігін растайтын құжаттар.
- ЕДБ уәкілетті тұлғасының (штат қызметкерінің) тағайындалғанын растайтын ЕДБ бұйрығы.
- өтінім берілген күннің алдындағы есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ЕДБ қызметінің нәтижелері туралы аудиторлық қорытынды (жылдық есеп), ЕДБ-ның соңғы тоқсандағы және соңғы үш жылдағы барлық қосымшаларымен бірге қаржылық және реттеуші есептілігінің көшірмесі, қаржылық жай-күйі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін интернет-ресурста орналастырылған ақпарат.
- ЕДБ-ның қаржы топтарына, конгломераттарға және холдингтерге тиесілілігі туралы ақпарат.
- ЕДБ-ның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын тіркеуші орган берген белгіленген нысандағы құжат (ЕДБ-ны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама/бизнес-сәйкестендіру нөмірі).
- ЕДБ қызметін қаржыландыру шеңберінде тиісті құжаттарға ЕДБ атынан қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке куәлігі және / немесе төлқұжаты.
- ЕДБ-да салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығын (бар болуын) куәландыратын құжат және (немесе) кредиттік өтінімді қарау күніне дейін ЕДБ-да салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығын (бар болуын) растайтын салық қызметі органдары берген салыстыру актісі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қаржыландыру құралын ұсыну туралы шартқа қол қою.