Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбасын беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Егер ұсынылған уылдырық:
- Табиғи болса-сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі.
- Тәркіленген болса- бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімнің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алынғанын растайтын құжаттың, сондай-ақ тәркілеу туралы сот актісінің көшірмелері.
- Жасанды болса – нысан бойынша бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын алу туралы ақпараттың электрондық көшірмесі.
- Таңбалар үшін ақы төлеу туралы төлем тапсырмасының электрондық көшірмесі.
- Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, балықтың қайдан ауланғаны туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік органда тіркелуі туралы және (немесе) қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны жөніндегі хабарлама туралы, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және (немесе) кері әкетуге рұқсаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлері уылдырығының таңбалары немесе дәлелді бас тарту.