Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда - электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі.
Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар бағдарламаны мемлекеттік тіркеген жағдайда - электрондық нысанда облигациялар бағдарлама шығарылымының проспектісі.
Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда - облигациялық бағдарлама шегінде электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі.
Айналыс мерзімі 12 аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда - мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда электрондық нысанда жеке меморандум.
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда электрондық нысанда жеке меморандум, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде) және облигациялар шығарылымына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеген жағдайда өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі.
Облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде) және облигациялық бағдарлама проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген жағдайда өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда облигациялық бағдарлама шығарылымының проспектісі.
Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде) және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген жағдайда - өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісі.
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялардың саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген кезде) және жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген жағдайда - өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда жеке меморандум.
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік емес облигациялардың саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген кезде) және облигациялық бағдарлама шегінде жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымы кезінде жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеген жағдайда - өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, электрондық нысанда жеке меморандум не мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптардың осы тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.