Онлайн сұрау Автоматтандырылған қызмет
Баспаға шығару нұсқасы
Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге растау құжаттарының скан-көшірмелерін қоса беру (қызметті көрсетудің қажетті нәтижесі үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тапсырылатын құжаттардың тізімін төменде қараңыз).
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде хабарламамен танысу):
- шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу туралы (мемлекеттік тіркеуде өтінішті беруде);
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өтінішті қабылдау туралы (кеме билетін қайта тіркеуге өтінішті беруде, телнұсқаны беруде, «Өтелген» мөрі бар билетті беруде, кеменің толық техникалық тозуы немесе қирау себебі бойынша мемлекеттік тіркеуден алу жағдайларын қоспағанда).
Қызмет көрсету нәтижесі
Кеме билеті, кеме билеті телнұсқасы, кеме кітабынан шығарылғандығы туралы анықтама.