Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру
Қызметті қалай (онлайн) алуға болады:
1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
2. Барлық міндетті жолдарды толтыру және нотариалды куәландырылған шартты бекіту.
3. Өтінімге ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу қажет.
5. Қызмет келесі Ішкі қызметтерді қамтиды:
- Құрылтайшы-жеке тұлғаның жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беруі.
- Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру мерзімдерінің өзгеруі.
- Сенімгерлік басқаруға беруді кері қайтарып алу.
МО-да қызметті қалай алуға болады:
Ағымдағы сәтте қызмет тіркеушінің қатысуымен көрсетіледі және өтініш берілген күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілуге тиіс.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қызмет көрсету туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту.