ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ҚР тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсаттар беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Жеке куәлік.
- Өтініш.
- Халықаралық хабарлауындағы жолаушыларды мен жолжүктерді тасымалдайтын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының территориясынан шығу үшін қызмет алушының бюджетке төлем сомасын төленгендігін растайтын құжат, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемдерді қоспай.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген жері бойынша көрсетіледі
Қызмет көрсету нәтижесі
Қағаз түрінде жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.