Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына немесе импортына лицензия беру
Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)
- Келтірілген сілтемелер бойынша өту (тауарлар экспортына, тауарлар импортына лицензия алу), осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
- Жүйеге кіру немесе «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылған «Электрондық лицензиялау» порталының парағында «Өтініш беру» сілтемесі бойынша өту.
- Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін «Менің өтініштерім» тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсат құжаттарым» тарауынан, хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына немесе импортына лицензия, қос мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.