Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Химиялық өнімді тіркеу үшін өтініш.
- Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты.
Қызмет көрсету нәтижесі
Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік не "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша дәлелді бас тарту.