- Банктен алынатын құжаттардың тізбесіне ілеспе хат.
- Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізбесі немесе құжаттарды қабылдап алу-беру актісі.
- Банктен кредит алуға арналған өтінім.
- Банктің уәкілетті органының Қордың кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредиттік, кепіл және заң басқармасының және тәуекелдерді басқару басқармасының сараптамалық қорытындылары.
- Соңғы есепті күнгі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржылық құжаттары (берешектің туындау күнін, берешекті өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды (бұдан әрі – ТМҚ) толық жазу, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін).
- Кәсіпкердің мөрімен расталған жыл басындағы және соңғы есептік күнгі жағдай бойынша (жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша берешектің туындау күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі құралдарды, ТМҚ-ны толық жазу) кәсіпкердің қаржылық құжаттары (заңды тұлғалар үшін).
- Бірінші басшының, бас бухгалтердің және кәсіпкердің мөр бедерінің үлгілері бар құжат.
- Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар-жоғы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп айырысу құжаттары туралы анықтама.
- Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржылық ұйымдардағы мерзімі өткен берешегінің (банктерден басқа, кредиттері болған кезде) бар-жоғы туралы анықтамалар.
- Банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер.
- Лицензиялар, патенттер, квоталар (өтініш беруші қызметінің түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда).
- Жобаны іске асыру бойынша құжаттар.
- келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, қызметтер көрсету шарттары, орындаған жұмыстар актісі, төлем шоттары;
- жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс, реконструкциялау саласында пайдалану үшін берілген жағдайда);
- жобаға өзі қатысатындығын растайтын құжаттар;
- қаралатын жоба бойынша шешімдер қабылдау үшін банк пайдаланатын құжаттар.
13. Бизнес-жоспар.
14.Соңғы және ағымдағы жылы қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар.
15. Кредиттік келісімдер.
16. Банк атынан банк қарызы, кепілі және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.