Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталарды бөлу кезінде өтінімді ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін ұсыну қажет.
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алуға квоталарды бөлу кезінде өтінімді ағымдағы жылдың 10 маусымына дейін ұсыну қажет.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.