Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Өтінішті тіркеген сәттен бастап - 20 жұмыс күні
Қызметтің толық атауы
Көмірсутектер мен уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)
Онлайн сұрау Автоматтандырылған қызмет
Баспаға шығару нұсқасы
Айдар парағына өту
Көмірсутектер мен уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)
Қызметті онлайн алу
- БМБЖ жүйесінде авторизациядан өту.
- Өтінімді толтыру және өтінімге ЭЦҚ -мен қол қою, қажетті құжаттардың сканкопияларын тіркеу.
- БМБЖ-да "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" қосымша бетіндегі "өтінімдер журналы" бөлімінде нәтижемен танысады.
Қоса берілетін құжаттардың ең көп көлемі 100 Мб аспауы тиіс.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Жер қойнауын пайдалануға арналған аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт алу үшін
- Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға (қол қоюға) өтініш.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 3 данада.
- Барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындау мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін, көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жұмыстар бағдарламасы.
- Көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша ("электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берген жағдайда электрондық көшірме).
- Салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы.
Аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін
- Аукцион қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін өтініш.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттарға сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 3 данада.
- Көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша.
- Қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының түпнұсқасы.
Тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарттар үшін
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 3 данада.
- Барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындау мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін, көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жұмыс бағдарламасы.
- Көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша.
- Салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы.
Тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындысы бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар алу үшін
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 3 (үш) данада.
- Көрсетілетін қызметті алушы көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша.
- Салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы.
Уран саласындағы тікелей келіссөздер хаттамасының қорытындылары бойынша уран өндіруге арналған келісімшарт алу үшін
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) уранды өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған уранды өндіруге арналған келісімшарт 3 данада.
- Салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа ауысу шартымен Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (бастапқы келісімшарт) бойынша көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын немесе жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін
- Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін өтініш.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 3 данада.
- Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған қорларды есептеу жөніндегі есеп.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарттарға ауысу шартымен Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған өндіруге арналған келісімшарттар (қолданыстағы келісімшарт) бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт алу үшін
- Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алу үшін өтініш.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді өндіру үшін жер қойнауын пайдалануға арналған 3 данадағы келісімшарт.
- Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытындыларды алған кен орнын игеру жобасы.
Өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беру кезінде уран өндіруге арналған келісімшартты алу үшін
- Өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беру туралы өтініш.
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) уранды өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, өз тарапынан қол қойылған уранды өндіруге арналған келісімшарт 3 (үш) данада.
Халықаралық шарттарға сәйкес көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартты алу үшін
- Көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартты алу үшін өтініш.
- Өз тарапынан қол қойылған көмірсутектерді барлауға арналған 3 данадағы келісімшарт.
- Көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін, тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалған барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын жұмыс бағдарламасы.
- Салыстырып тексеру үшін қол қойылатын бонустың төленгенін растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі және түпнұсқасы.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.