Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Қадамдық процеске сәйкес өтінімді толтырыңыз.
- Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- 2-қосымшаға сәйкес өтініш.
- Жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Жер учаскесін орналастыру схемасының көшірмесі.
- Көрсетілетін қызметке ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтер не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.