Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау
Қызметті алу (қажетті құжаттар):
- Субсидия алуға арналған өтініш-сауалнама.
- Іске асырылатын жобаның сипаттамасы (жобаның құрылысына рұқсат беру құжаттамасы, бизнес-жоспар қоса берілген еркін нысанда қалыптастырылады).
- Жобаны іске асыру үшін кредит беру (қайта қаржыландыру) мүмкіндігі туралы оң шешімі бар ЕДБ-ның хаты.
- Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы.
- Объект туралы ақпарат (таныстырулар, жарнамалық материалдар, пәтерлердің жоспары, пәтерлердің алаңы және саны), оның ішінде электрондық түрде.
Қызмет көрсету нәтижесі
Субсидиялау бойынша қабылданған оң шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші отырысының хаттамасынан үзінді немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша дәлелді бас тарту