Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
Білім туралы құжатты тану туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат.
- 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш.
- Білімі туралы заңдастырылған немесе апостильденген құжаттың көшірмесі және оған қосымшаның нотариат куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса), мөрдің аудармасын қоса алғанда.
Заңдастырудың күшін жоюды және (немесе) білім туралы құжаттарға апостиль қоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде білім туралы құжатты беру кезінде білім туралы құжаттың және оған қосымшаның қағаз нотариалды куәландырылған көшірмесі және мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда, нотариат куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесін, олардың нотариат куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.
- Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін – білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар).
- Төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді);
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
- білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік;
- білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;
- мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталға жүгінген кезде:
- электронды нысандағы білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік;
- білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;
- мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.