Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-құпия сөз көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу.
Қосымша: бірге берілетін құжаттардың рұқсат етілетін максималды көлемі 1 МБ-тан аспауы керек
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету үшін анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.