Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз етуін тіркеу туралы мәліметтер.
- Азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті беруші басшының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен ресімделген кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы шешім хабарламамен немесе мемлкеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.