Назар аударыңыз!
COVID-19 ВАКЦИНАЦИЯСЫНЫҢ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ ҚАНДАЙ
- сіз 18 жаста емессіз
- сіз жүкті және бала емізетін әйелсіз
- сізде ұқсас компоненттері бар вакцинаның немесе вакцинаның кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық бар
- сізде ауыр аллергиялық реакциялар бар
Қызмет алушылардың назарына!
КВИ вакцинасын алу үшін сізге шамамен бір сағат уақыт кетеді, сізде жеке басын куәландыратын құжат болуы керек.
Егу алдында дәрігердің қарауы - 10 минут.
Препаратты дайындау. Вакцина мұздатылған күйде сақталғандықтан, процедурадан бұрын препаратты еріту керек - 15 минут.
Егуден кейінгі бақылау - 30 минут.
Көрсетілетін қызметті онлайн қалай алуға болады
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызмет алушыларға арналған ақпарат
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны қайдан алуға болады?
- Сіз таңдаған медициналық ұйымда, емханаға тіркелген жеріне қарамастан, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан өте аласыз.
Электрондық "вакцинация паспортын" қашан және қайда қарауға болады?
- Сіз вакцинацияның екінші кезеңінен өткеннен кейін eGov mobile мобильдік қосымшасының "цифрлық құжаттар" сервисінде "вакцина паспортын" қарай аласыз.
Вакцинацияның екінші кезеңіне қалай жазылуға болады ?
- Вакцинацияның екінші кезеңіне тіркеуді дәрігер вакцинацияның бірінші кезеңінен өткеннен кейін жүргізеді.