Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау
Қызметті мемлекеттік органнан және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа алу үшін (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін).
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото.
- Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі.
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Біліктілік тестілеу сертификаты.
- Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
- Түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Республикалық маңызы бар мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау
Қызметті мемлекеттік органнан және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа алу үшін (қажетті құжаттар):
- өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
- Бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
- Қолданыстағы біліктілік санаты мен ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
- Сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
- Біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
- Білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
- Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары (болған жағдайда) туралы материалдарды ұсынады.
3), 4), 7), 8) 9), 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну, егер көрсетілетін қызметті берушінің оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндігі болса, талап етілмейді.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қағаз түрінде нысан бойынша конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында конкурсқа қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама не дәлелді бас тарту келеді