Қызметті онлайн алу
Зайыбын із-түзсіз жоғалған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектелген деп тану туралы сот шешімі күшіне енгенде, сондай-ақ зайыбын қылмыс жасағаны үшін 3 жылдан кем емес уақытқа бас бостандығынан айыру үшін
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтініштің қажетті түрін таңдау.
- Өтінімді толтыру және актілік жазбаны растауды алу (2 жұмыс күні ішінде).
- Қосымша мәліметтер жолын тексеру.
- Өтінімге ЭЦҚ қою (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Оң жауапты алғаннан кейін АХАТ (тіркелу орны бойынша) органына келу уақыты көрсетілген хабарламаны жүктеу және қарауға қол жетімді болу үшін қызметті төлеу қажет.
- "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) төлем жүргізгеннен кейін келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Куәлік алу үшін АХАТ-қа жүгіну.
Қызметті Мемлекеттік органда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу негізіне байланысты Қағидаларға 18 немесе 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік бұзу туралы өтініш
- Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік).
- Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
- Жұбайын хабар-ошарсыз кетті деп не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы немесе жұбайы (зайыбы) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталуы туралы сот үкімі туралы мәліметтер.
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі)
- Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш.
- Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты айырбасталуға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету.
- Азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат.
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.