Әскери міндеттілерге әскери билеттер немесе олардың телнұсқаларын беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Айыппұл жекелеген санаттар үшін қарастырылған
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Мемлекеттік корпорация» арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Порталда: Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы ақпарат немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік корпорация арқылы (көрсетілетін қызметті алушы порталда таңдаған филиал): офицерлерге, сержанттарға, запастағы сарбаздарға әскери билеттерді беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз.