Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүргізіледі.
Мүгедектікті растау туралы ақпаратты және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде куәландырылатын адам алған құжаттардың электрондық нысандарын беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталының "жеке кабинеті" арқылы ЭЦҚ және/немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, куәландырылатын адамның сұрау салуы бойынша жүзеге асырылады.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды (электрондық үкімет) шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұрап алады:
- Куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлімет.
- Адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын мәлімет.
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы" ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) сәйкес № 031/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды.
- Медициналық ұйым оны әзірлеген кезде, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген №033/е нысаны бойынша пациентті/мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі.
- Ауру динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасынан мәліметтер болған кезде – ауру тарихынан үзінді-көшірмелер, мамандардың қорытындылары және зерттеу нәтижелері.
- Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтама) – жұмыс істейтін адамдар куәландырудан өткен кезде.
- Алғашқы куәландыру кезінде, еңбек етуге қабілетті жастағы адамдарға қатысты – еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), ал өндірістік жарақаттар және кәсіптік аурулар болған кезде, сонымен бірге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) ұсынылады.
- Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде – осы әлеуметтік қатер бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын мәліметтер.
- Өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адамға осы жазатайым оқиға бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін алғашқы рет белгілеу кезінде мүгедектікті және (немесе) мүгедектіктің себебін белгілеу үшін – "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын рәсімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1055 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12655 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – жазатайым оқиға туралы акт).
Жазатайым оқиға туралы акт болмаса және жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен жарақаттанудың немесе аурудың себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімі тіркеледі.
- Кәсіптік ауруға шалдыққан адамдарды куәландырған кезде – кәсіптік ауру және улану диагнозын белгілеу (аурудың кәсіппен байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.
- Жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін – себеп-салдарлық байланысын белгілейтін тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат туралы мәлімет.
- Қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген кезде қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат туралы мәліметтер.
- Куәландырылатын адамның атын, әкесінің атын (бар болса) және тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеген жағдайда қайта куәландыру кезінде – "Мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу кітапшаларын жинақтау формаларын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілген куәліктерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы №9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы куәлік туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне №031/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Электрондық портал арқылы –көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық нысандары қызмет алушының "жеке кабинетіне" жолданады:
- Көрсетілетін қызметті алушыға мүгедектік белгіленген кезде – мүгедектік туралы анықтама.
- Көрсетілетін қызметті алушыға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының (ОЖБ) әлеуметтік бөлігі әзірленген кезде – мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірме.
- Еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі.
- Көрсетілетін қызметті алушыға ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі әзірленген кезде – мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме.
- Еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі.
- Көрсетілетін қызметті алушыға жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі туралы анықтама.
- Көрсетілетін қызметті алушыға кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірме.
- Зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлері мен күтімге мұқтаждығы айқындалған кезде – зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлері мен күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды.
- Кезекті қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам деп танылмағандарға – мүгедектік тағайындалмауы туралы хабарлама.
- Алғашқы куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам деп танылмағандарға – медициналық-әлеуметтік сараптаманың сараптамалық қорытындысы туралы хабарлама.
Көрсетілетін қызметті берушіде қағаз түрінде көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілінің талабы бойынша.