Қайтыс болу туралы куәлік қайта алуға өтінім беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторланудан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет.
- Міндетті толтырылатын жолдарды толтырып, файылды қоса беру қажет.
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қою қажет (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу қажет.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Туу туралы, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру, қайтыс болу туралы және некеге құқық қабілеттілігі туралы куәлікті (анықтама) қайта алуға өтініш беру.
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі.
- Көрсетілетін қызметті алуға өкілі жүгінген жағдайда өкілді нотариалды куәландырылған сенімхат.
Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының болуын тексеру Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш келіп түскен кезде АХАЖ АЖ-де он алты жастан бастап жүргізіледі.
Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі.
Қайтыс болғаны туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер оларға қатысты тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенім білдірушінің) атынан өкілдік ету үшін уәкілетті адамға (сенім білдірушіге) жазбаша (нотариалды куәландырылған сенімхат) беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтамаларды қайта алу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.