Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту
Қызметті онлайн алу үшін
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасау үшін келесі құжаттар беріледі:
- Қағидаларға 1 немесе 1-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша баянат (өтініш).
- Мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі, персоналмен жұмыс бөлімшесі) берген қызмет (жұмыс) орнынан отбасының құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы анықтамалардың электрондық көшірмесі.
- Қызметтік тізімнің не еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі.
- Баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша ақпараттың электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушыда және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы).
- Жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алу туралы мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтамасының электрондық көшірмесі.
Қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзарту үшін келесі құжаттар беріледі:
- Қағидаларға 2 немесе 2-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша баянат (өтініш).
- Мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі, персоналмен жұмыс бөлімшесі) берген қызмет (жұмыс) орнынан отбасының құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы анықтамалардың электрондық көшірмесі.
- Қызметтік тізімнің не еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі.
- Баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша ақпараттың электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушыда және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы).
- Жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алу туралы мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтамасының электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе оны бұзу, балалардың тууы туралы куәліктің, өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы анықтаманың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге барлық отбасы мүшесіне тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген үлгі шартты немесе қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасаудан бас тарту туралы анықтаманы көретілетін қызметті берушінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесі немесе портал арқылы беру қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасау болып табылады.
Шарт талаптарына сәйкес жасалған қосымша келісімді немесе қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзартудан бас тарту туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің құжаттмалық қамтамасыз ету бөлімшесі немесе портал арқылы беру қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзарту болып табылады