Қызметті онлайн қалай алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- ҚР визалық-көші-қон порталына (vmp.gov.kz/main/user/consul-service) өту.
- Визалық-көші-қон порталында авторизациядан өту.
- Жеке мәліметтерін көрсетумен өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
В1, "В2", "В3", "В12" және "С12" бір мәртелі визаларды ресімдеу үшін - "электрондық үкімет" порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама.
- ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаты.
- Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат.
- Консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
- Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.
Консулдық алым төлеуден босатылады:
- Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелері және олармен бірге жүретін адамдар.
- Республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдар, конференциялар және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шаралар) қатысу үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін шетелдіктер.
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер.
- Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер.
- Халықаралық ұйымдардың қызметтік істер: бойынша Қазақстан Республикасына баратын қызметкерлер.
- Өзара түсіністік қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер.
- Қызметтік істер бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер – дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері.
- Өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балалар.
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар.
- Шетелде тұрақты тұратын және жақын туыстарының жерлеуіне Қазақстан Республикасына баратын, Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтары.
- Инвесторлық, қызметтік, дипломатиялық визалар бергені үшін.
- Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін босатылады.