Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
- eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Уақытша сақтау орны иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 415-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының үй-жайлары мен аумақтарының Кодекстің 503-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасында, 510-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасында және 517-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін қарап-тексереді.
Кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:
- Уақытша сақтау орны ретінде пайдалануға арналған құрлыс жайлардың, үй-жайлардың (үй-жай бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында болуын немесе жалға алынғанын растайтын құжаттардың.
мыналардың:
- тиеу-түсіру механизмдерінің не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызмет көрсететін тұлғамен шарттың.
- уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарының, сызбаларының.
- орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сай келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда - тиісті есептеу құралының аспабының бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайларды және аумақты кедендік қарап тексеру актіне қоса тігіледі.
Үй-жайларды және аумақты кедендік қарап тексеру аяқталған соң үй-жайларды және аумақты кедендік қарап тексеру актісінің бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Хабарламамен уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделенген жауап.