Онлайн сұрау Автоматтандырылған қызмет
Баспаға шығару нұсқасы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау
Көрсетілетін қызметті қалай онлайн алуға болады:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасы бойынша өтіңіз (қызметті алу үшін сізде office.sud.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
- Оffice.sud.kz сайтындағы қажетті өрістерді толтырыңыз және қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз, сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "Сот кабинеті" сервисінде өтінішті қарастыру мәртебесін қадағалаңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Жоғары білім туралы құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде түсуші тұлғаларға – Жолдама.
- Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде түсуші тұлғаларға – жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама.
- өз қаражаты және (немесе) өзге де көздер есебінен түсуші тұлғаларға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжат.
- 3х4 см көлемдегі түрлі-түсті фотосурет (екі дана).
- № 175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысандағы медициналық анықтама.
Қызмет көрсету нәтижесі
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы қолхат.