6 ай мерзімге банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Барлық қажетті өрістерді толтырыңыз.
- Өтінішке ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы қол қойыңыз.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) сұрау салу нәтижесі туралы хабарламаны оқыңыз.
- Қызмет келесі қосалқы қызметтерді қамтиды:
- Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан өз еркімен бас тарту.
- Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту қызметін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтату.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз 6 ай мерзімге банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту ( жазылу )
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз 6 ай мерзімге банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту ( бас тару )
МАҢЫЗДЫ! Қызмет қаржы институттары үшін Бірінші кредиттік бюроның (бұдан әрі – БКБ) қызметтеріне қол жеткізуді шектейді.
Бұл ретте мыналарды ескеру қажет:
- қызмет үшінші тұлғалардың несие алу мүмкіндігін мүмкіндігінше шектейді, бірақ несиенің берілмеуіне толық кепілдік бермейді;
- БКБ қызметтері жеке тұлғаның өтелмеген міндеттемелері/белсенді қарызы бар қаржы институттарына ғана ұсынылады, бірақ сонымен бірге бұл жеке тұлғаның жаңа несиелерді өңдеу үшін оның деректеріне қол жеткізуді шектегені туралы ақпарат ұсынылады;
- несие беру туралы шешімді несие беруші дербес және өз қалауы бойынша қабылдайды;
- қызметтің жұмысы бойынша есепті Сіз www.1cb.kz порталының жеке кабинетінде қарай аласыз.
Банктік несиелерді алудан, микрокредиттер бойынша қызмет көрсетуден ерікті бас тартуға өтінішке қол қою арқылы жеке тұлға сілтемесі бойынша орналасқан келісім-шарттың (офертаның) шарттарын қабылдайды деп танылады: "STOP CREDIT" сервисін ұсынуға арналған шарт
Қызмет көрсету нәтижесі
Банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту немесе банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту қызметін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтату қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.