Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау
Қызметті Мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
- Еркін нысандағы өтініш.
- Жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
- Пациенттің ауру тарихынан үзінді (ескіру мерзімі 30 жұмыс күнінен аспайды).
Қызмет көрсету нәтижесі
Республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту туралы қорытындысына қосымшасымен жазбаша жауап не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.