Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Куәлік алу үшін:
- Өтініш 1-қосымшаға сәйкес.
- Қазақстан Республикасының өзге елді мекенінде (астанада, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) орналасқан кемінде бір резервтік аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуын растайтын хат.
- Цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын (негізгі және резервтік) байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз етуді растай отырып, серверлік үй-жайды жалға беру бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі.
- Цифрлық майнингтік пулдың ақпараттық жүйесінде техникалық қолдау қызметінің болуын және клиенттердің тәулік бойы жұмыс істеуін растайтын хат.
- Цифрлық майнингтік пул ақпараттық жүйесінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушы интерфейсінің болуын растайтын хат.
- Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік сервиспен интеграциялау туралы оң хатының көшірмесі.
Куәлікті қайта ресімдеу үшін:
- Өтініш 1-қосымшаға сәйкес.
- Цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің әрқайсысын (негізгі және резервтік) байланыс қызметтерін әртүрлі жеткізушілерден (провайдерлерден) бөлінген екі байланыс арнасымен қамтамасыз етуді растай отырып, серверлік үй-жайды жалға беру бойынша қызметтер көрсету туралы шарттың электрондық көшірмесі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы куәлік.
Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.