Жеке куәлік пен паспортты беру
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзi жүгінгенде (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
ХҚТ ТП арқылы электрондық өтінімді ресімдеу кезінде:
16 жасқа толмаған балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспортына, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарға, 16 жасқа толған адамдарға:
- Баланың туу туралы куәлігі не оның цифрлық нысаны.
- Жеке басын сәйкестендіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын растау үшін-ата-анасының біреуінің (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат не оның цифрлық нысаны.
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, оны 16 жасқа толғанға дейін алған жағдайда.
- Шетелдік ата-анасының баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуға (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған кезде, олардың бірі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және ата-анасының екеуі бірдей осы кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған кезде) нотариалды түрде куәландырылған келісім-өтінішін ұсыну қажет.
ХҚТ ТП АЖ арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының немесе оның жоғалуының, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарды беру туралы алғаш рет өтініш берген 18 жастан асқан адамдардың туу туралы куәлігінің негізінде:
- 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының түпнұсқасы.
- Туу туралы куәліктің түпнұсқасы.
- Азаматтың азаматтығын айқындауға арналған тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтау және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру жөніндегі қорытындыны ұсынады.
- Республика азаматтығына жататынын растайтын 13-нысандағы анықтама.
Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау кезінде:
- Ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы 7-нысандағы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауға байланысты құжаттарды алған кезде).
Құжат үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар Салық кодексінің 622-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады).
Формулярды толтыру сәтте көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетiн өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосурет.
Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет-бейнесі көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иектің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің жиегі көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның униформада суретке түсуіне жол берілмейді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді тіркеу талон негізінде;
2) Мемлекеттік корпорациясындағы көрсетілетін қызметті беруші арқылы: формуляр бланкіден оны толтырғаннан кейін бөлінетін жеке басты куәландыратын құжатты алу үшін түбіртек негізінде, портал арқылы ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарламаның негізінде.
Көрсетілетін қызметті алушы немесе өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып оның заңды өкілі не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация жеке куәлікті және (немесе) паспортты оның дайындалған күнінен бастап бір жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге оны жою үшін тапсырады.