Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Ескерту: Зейнетақы аударымдары бойынша Порталда 2 сервис ұсынылған: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру (инвестициялық кірістерін ескере отырып) және Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу.
Бірінші сервис БЖЗҚ-дағы деректерге ұқсас деректерді көрсетеді, ал екінші сервис сіздің инвестициялық кірісті есепке алмағанда және тек соңғы жылдағы әдепкі зейнетақы аударымдарыңыздың мөлшерін көрсетеді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы мәлімет беру.