Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу.
-
«Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
Құқықты белгілейтін құжаттардың тізілімі:
- Сату-сатып алу шарты;
- Сыйға беру шарты;
- Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
- Жекешелендіру туралы шарт;
- Пайдалануға қабылдау актісі;
- Жер учаскесіне акті;
- Заңдастыру туралы шешім;
- Сот шешімі;
- Бұзу шарты;
- Қабылдау және беру актісі;
- Цессия шарты;
- Жалға алу шарты;
- Беру шарты;
- Өсиетхат бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
- Тіркеу кәлігі;
- Кепіл шарты;
- Қосымша келісім (сот және банктік).
Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
- жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша.
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша
- Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Жылжымайтын мүлік объектісін жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне пайдалануға қабылдау актісі және (немесе) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты.
- Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес төлемді растайтын құжат.
Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтерден алшақтықтарды белгілеу туралы қорытындыны беру бойынша
- Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны алуға өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Бар болған жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты қоса берілген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат.
- ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, техникалық паспортты беру үшін төлемді растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады:
- мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш берген кезде ақы төлеу тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру жөніндегі қызметтердің базалық құны түрінде жүргізіледі;
- Мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған кезде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы (қосымша ақы) жүргізіледі.
Пәтерді, жатақханалардағы бөлмелерді және жапсарлас үй-жайларды техникалық тексеруге өтініш білдірген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылмайды.
Қызмет көрсету нәтижесі
1. Мемлекеттік корпорацияда - құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу туралы белгісі бар жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау акті. Техникалық паспортты қоса бере отырып, жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
2. Порталда - көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі. Пәтерге, жатақханалардағы бөлмеге, жеке гараждарға және саяжай құрылыстарына электрондық техникалық паспорт. Жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды ресімделеді. Бұл ретте жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды) көрсетілетін қызметті беруші жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, қорытынды бергені үшін қосымша төлемді растайтын құжатты береді, ал заңды тұлғалармен қызмет көрсету шартын жасасу кезінде оларға қол қойған орындалған жұмыстар акті қосымша ұсынылады.