tablet pen hand

2024 жылғы 4 мамыр

With aim to optimize the processes and facilitate the procedure for obtaining, storing and using DS keys, the National Certification Authority has moved from the current process of issuing and using two DS keys to using only one key, i.e. individuals and legal entities will get only one key based on the GOST algorithm, which will be used for both authorization and signing.

планшет қол қаламсап

2024 жылғы 4 мамыр

Процестерді оңтайландыру және ЭЦҚ кілттерін алу, сақтау және пайдалану процедурасын жеңілдету үшін Ұлттық куәландырушы орталық екі ЭЦҚ кілтін беру мен пайдаланудың қазіргі процесінен бір ғана кілтті пайдалануға көшті, яғни, жеке және заңды тұлғаларға МемСТ алгоритмі негізінде бір кілт берілетін болады, ол авторизациялау үшін де қол қою үшін де қолданылатын болады.

планшет рука ручка

2024 жылғы 4 мамыр

Для оптимизации процессов и упрощения процедуры получения, хранения и использования ключей ЭЦП, Национальный удостоверяющий центр перешел от текущего процесса выдачи и использования двух ключей ЭЦП к применению только одного ключа, т.е. физическим и юридическим лицам будет выдаваться один ключ на алгоритме ГОСТ, который будет использоваться и для авторизации, и для подписи.
Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму мақсаттары
Тұрақты даму

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - бұл кедейлік пен кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға,жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар. 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыттар таңдалды, олардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге жетелейді.

 

ТДМ-ын енгізу және оған қол жеткізу процесі БҰҰ өкілдері тарапынан да, Қазақстан Республикасының үкіметі тарапынан үнемі бақыланады. ТДМ-на тиімді жету үшін ведомствоаралық және тұрақты дамудың мақсаттық индикаторлары жөніндегі сарапшылар тобы (ТДМ - ИСТ) БҰҰ-ға мүше әр мемлекет үшін осы көрсеткіштерді мемлекет меншігіне айналдыру мүмкіндігі бар ғаламдық көрсеткіштер жүйесін жасады. Бүгінгі күні Қазақстанның ТДМ-на қол жеткізу мониторинг жүйесі 280 индикаторды қамтиды, оның 205-і ғаламдық, ал 75-і ұлттық индикаторлар.

5 негізгі бағыт
кедейшілікті жою, гендерлік теңдік, салауатты өмірді қамтамасыз ету, білім беру
құрлықтың экожүйелерін және су ресурстарын ұтымды пайдалану, климаттың өзгеруі
инклюзивтік өсу және экономикалық өзгерістер
қауіпсіз және бейбіт қоғам, күшті институттар, сот төрелігі
тұрақты даму мақсатындағы жаһандық серіктестік, ресурстарды жұмылдыру, технологиялар, әлеуетті арттыру, сауда
Қазақстандағы БҰҰДБ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) - бұл БҰҰ-ның ғаламдық даму желісі, атап айтқанда, қазірдің өзінде 170 елде жұмыс істейтін, кедейлікті жоюға, теңсіздікті азайтуға, сыбайлас жемқорлықпен күресуге және үкіметтің ашықтығын арттыруға көмектесетін ТДМ. Қазақстан жұмысы басталғаннан бері БҰҰДБ-мен бірге құны 200 миллион АҚШ долларынан асатын тақырыптық бағыттар бойынша 200-ден астам жоба жүзеге асырылды. Дәл осы ТДМ үшін БҰҰДБ Қазақстанға көмектеседі:
 

  • 1. Әлеуметтік сенімсіздік пен теңсіздікті жою
  • 2. Халықтың үкіметке деген сенімін қалпына келтіру
  • 3. Экологиялық тұрақтылықты сақтау
  • 4. Жоғары тиімді экономикалық өсуге ықпал ету
17 тұрақты даму мақсаттары
Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру

Тұрақты даму мақсаттарының міндеттерін мемлекеттік жоспарлау жүйесімен қамту

Табысты жобалар
Даму жоспары
 
 
 
 
  • ТДМ міндеттері мен көрсеткіштерін ұлттандыруды жалғастыру
 
 
 
  • ТДМ-ға дәйекті қол жеткізуге мүмкіндік беретін тиімді салықтық-бюджеттік реформа
 
 
 
  • ТДМ бойынша нәтижені барынша арттыру мақсатында олардың сапалы қатысуын қамтамасыз ету үшін мемлекет, азаматтық қоғам, бизнес қоғамдастық, халықаралық ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар арасындағы диалогты жалғастыру
 
 
 
  • Орталық Азия елдерімен және басқа да халықаралық әріптестермен тиімді өңірлік өзара іс-қимылды қолдау
 
 
 
  • 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму стратегиясын әзірлеу
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.